«ӨНЕР АЛДЫ – ҚЫЗЫЛ ТІЛ»

Қазақстан, өз тәуелсіздігін алып, 1991 жылдың 16 желтоқсанын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні деп ресми түрде бекітілген күннен бері бас аяғы жиырма жеті жылдан астам уақыт өтіпті. Жеке адам өмірімен салыстырғанда жиырма жеті жыл аз мерзім болып көрінбегенімен, дербес саяси-экономикалық жан-жақты бағыттарда алға қадам басқан мемлекет үшін, әрине, бұл өте аз мерзім. Соның өзінде, еліміздің біртуар қайраткерлеріміздің еңбектерінің арқасында халықтың өміріндегі өзгеріс, елеулі. Ғылыми-техникалық, шикізаттарды тұтынушылық, өндірісте қолданбалы құралдар мен құрылғылардың сапасы мен тиімділігі де артқан. Бүкіл әлемде болып жатқан жаңалықтар мен өнер туындылары, қарапайым халқымыздың талғамдарының еңшісіне айналған күн кешудеміз. «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» мұндай заманда береке мен бірліктен асқан мұрат жоқ. Қазақстанда, әр түрлі ұлттардан құралған халық болып, осы мақсаттың жолындамыз. Осындай, ұйыған береке мен бірліктің тамырын тереңдету жолында қабылданған мерекелік күндеріміз де аз емес. Қазақстан халқының тілдер күнін атап өту дәстүрге айналғандай.
Осы мерекені атап өту аясында жедел-іздестіру қызметі кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы тіл мен мамандықты дәріптеу мүддесінде «Өнер алды-қызыл тіл» тақырыбында КОФ курсанттары арасында шығармашылық сайыс өткізді. Бұл сайыстың мақсаты әр тілде білім алушы курсанттар аталған тақырып төңірегінде шығарма жазу. Сайысты кафедраның аға буын өкілдерінен құралған комиссия мүшелері жүргізді.
Соңында, алқа болып, әрбір жазылған шығармаларды сараптай келе, әділ бағасын берді.
Өткізілген сайыс қорытындысы бойынша, «Тіл және полиция» тақырыбында 409 топтың курсанты полиция қатарындағы Шыңғысхан Досжановтың жазған шығармасы ерекше дарынды деп танылып, бірінші орынды иеленді.

Жедел-іздестіру қызметі кафедрасы