Өндірістік практиканы қорғау

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша оқитын 4-курс курсанттарының қатысуымен онлайн форматында кәсіби даярлық факультетінің 413, 414 оқу топтары 2021 жылғы 25 мамыр күні өндірістік практиканы қорғады.

2020 жылдың 28 желтоқсан — 23 мамыр 2021 жыл аралығында 4-курс курсанттары өндірістік практикадан өтті. Практика барысында курсанттар өздерінің теориялық және практикалық білімдерін көрсете білді.
Практикадан өту кезінде өздеріне тапсырылған міндеттерін жоғары жауапкершілікпен атқарғандықтары, қылмыстық-атқару жүйесінің жұмысын реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді толық меңгергендері, практика барысында жоғары шеберлікпен қолданғандары, сонымен қатар, кәсіби деңгейлерін жоғарылату барысында өз бетінше білімдерін жетілдіргендері байқалды.
Қызметтік жұмыста қол жеткізген жетістіктері мен оң нәтижелері үшін 4-курс курсанттары тәжірибені өту барысында марапатталған.
Алдағы уақытта болатын мемлекеттік емтиханды ойдағыдай тапсыру үшін курсанттарға міндеттер қойылды.

ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы
Қостанай академиясының ішкі істер органдарында
әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасының
аға оқытушысы, құқық магистрі
Садыханова Ш.К.