«Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша Мемлекеттік аттестацияның өтуі

2020 жылдың 3 маусымында Қостанай академиясының 5В090500 -«Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша оқитын 4 курс курсанттары өзінің алғашқы қорытынды Мемлекеттік аттестациясын тапсырды. Компьютерлік тестілеу «Әлеуметтік жұмысты құқықтық қамтамасыз ету», «Әлеуметтік жұмыстың теориясы» және «Халықтың түрлі санаттарымен әлеуметтік жұмыс» пәндерінен болса, ауызша емтихан «Әлеуметтік жұмыс әдістері мен технологиясы», «Пенитенциарлық жүйедегі әлеуметтік жұмыс» пәндерінен өтті.
Мемлекеттік аттестациялық комиссиясының Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, доцент Абдрашева Бану Жолдыбековна білім алушылардың деңгейін жоғары бағалады. Мемлекеттік емтихандар онлайн режимінде ойдағыдай тапсырылды.
Курсанттар төрт жыл бойы Академия қабырғасында алған білімдерін, практикадан игерген кәсіби тәжірибесін тиянақтай отырып, қорытынды бақылауда үздік және жақсы нәтижелерін көрсетті.
Болашақ полиция қызметкерлерінің осындай жақсы нәтижелері тек емтиханда ғана емес, өздерінің болашақ қызметтерінде де көрінуіне тілектеспіз.

ІІО әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру
кафедрасының аға оқытушысы
полиция майоры
А.Примкулова