«Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты Абай оқулары сайысы

2019 жылдың 30 қазанында әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен қазақ халқының бас ақыны және ойшылы ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толуына байланысты оның өлеңдері мен қара сөздерін шәкірт жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айту, поэзияны сүю, оны бағалай білу, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын дамыту мақсатында курсанттар арасында сайыс өтті.
Сайысқа 2, 3 — курстың курсанттары қатысып қазақ, орыс және тәжік тілдерінде өз өнерлерін көрсетті.
Әділқазылардың шешімі бойынша 1-орынға Абайдың 1-қара сөзін оқыған 2-курс 202-оқу тобының курсанты Вьюшкина Виктория; 2 орынға «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» өлеңін оқыған 2-курс 202-оқу тобының курсанты Қуандық Ердаулет; 3-орынға 3-курс 302-оқу тобының курсанты Ерболат Лашын ие болды. Абай Құнанбайұлының «На смерть Абдрахмана» өлеңін орыс тілінде оқыған 2-курс 207-оқу тобының курсанты Кривич Юля «Ұйықтап жатқан жүректі өлең оятар» номинациясы бойынша марапатталды. Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңін қазақ тілінде орындаған 3-курс 309-оқу тобының курсанты Собирзода Манучехри «Білімдіден шыққан сөз» номинациясына ие болды.
Сайыстың соңында қатысушы курсанттар арасында қазақтың біртуар ақыны ұлы Абайдың өміріне байланысты сұрақ – жауап ойыны өткізілді және Абайдың халыққа танымал  әндері шырқалды.

ӘГП кафедра ұжымы