«Ұлы дала сарыны»

Ағымдағы жылдың 28 ақпанында Қостанай қаласының «Жастар сарайы» концерттік залында  Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор Ермұрат Үсеновтің «Ұлы дала сарыны» атты шығармашылық концерті өтті.
ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 2-курс курсанттары концертті тамашалады.  Қостанай облыстық филармонияның әртістері: «Мәдениет саласының үздігі» Манапбек Кәдіров, Италия, Австрия, Ресей және Қазақстан халықаралық байқауларының лауреаты, «Мәдениет саласының үздігі» Светлана Семенова, Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Мұрат Хамитов, Ыбырай Есжанов кеште өз өнерлерін паш етті.
Шығармашылық концерттің мақсаты – Ұлы ақын мерейтойының өтуіне, шығармашылығының ел арасында насихатталуына үлес қосу, ақынның 175 жылдық мерейтойына арналған эстафетаны Абайдың ән-күй мұрасын насихаттау арқылы қолдау, сонымен қатар өскелең ұрпаққа Абай заманындағы қазақ халқының ұлттық музыкасын, төл өнерін дәріптеу, жастарды  есті әндермен елжандыққа тәрбиелеу болып табылады.
Курсанттардың бұл шығармашылық концерттен рухани азық алып, тамаша әсер алғандары сөзсіз.

2-курс курсанты
полиция қатарындағы
А. Сайлау