Ұлы дала ақыны

Ұлы дала ақыны, ағартушысы, ойшылы, философы, қазақтың жаңа жазба әдебиеті мен қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы мемлекет құқық пәндер кафедрасының оқытушылары  2019 жылы 15 шілдеде де кураторлық топтарымен әдеби кеш өткізді.

Құрметті қонақтардың арасында ҚР жазушылар одағының мүшесі,   ардақты ақын Жолбарыс қажы Баязид әйелі Зейнел қажы Мұқашқызымен және Л.Н. Толстой атыңдағы Облыстық кітапхананың қызметкерлері қатысты.


Іс-шараның басты мақсаты курсанттардың бойындағы шығармашылық, əдеби өнерін ынталандыру. Кездесу барысында Жолбарыс қажы Баязид курсаннтарға өз тарапынан Абай атамыз туралы шығармаларын ұсынды. Өз кезегінде курсанттар Абай Құнанбаевтың өлең жолдарын оқып, бірнеше қара сөздерін жатқа айтып, өнерлерін паш етті. Қадірлі қонақтарымыз өздерінің шығармашылықпен өмірлерінің қалай ұштасып, қандай мəн-мағына бергендерін де атап өтті. Курсанттар қонақтарымыздың өнеріне тəнті болды.

Сонымен қатар  Академияның мұражайына саяхат жасалып, тарихымыз таныстырылды.  Өткізілген кездесу өте əсерлі болды.

Мемлекеттік – құқықтық

пәндер кафедрасының оқытушысы

полиция майоры

Б. Арстанбаева