«Ұлы даланың жеті қыры» түсіндірілді

Елбасы Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында мақаласы жарияланды.

Жазба «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы. Мақала «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» және «Тарихи сананы жаңғырту» атты екі бөлімнен тұрады. Мақалада Елбасы ұлттық болмысымызды сақтап, тарихымызды жаңғырту жайына кеңінен тоқталған.
Сонымен қатар, аталған екі бөлім атқа міну мәдениеті, ұлы даладағы ежелгі металлургия, аң стилі, алтын адам, түркі әлемінің бесігі, ұлы жібек жолы, Қазақстан – алма мен қызғалдақтың Отаны, архив – 2025, ұлы даланың ұлы есімдері, түркі әлемінің генезисі, ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі, дала фольклоры мен музыкасының мың жылы, тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі атты тақырыпшалардан тұрады.
Мақаласында Елбасы төл тарихымыз бен мәдениетімізді жіктей келе тарихи сананы жаңғырту мәселесін көтерді. Мақала ел ішінде де, әлеуметтік желілерде де қызу талқыланып, қоғам белсенділері пікір білдіруде.

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының профессорлық-оқытушылар құрамы да мақаланы курсанттарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

2 курс 201 оқу тобына Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы түсіндірілді. Мақаланың әр бөліміне жеке тоқталып, толығымен мақала курсанттар назарына ұсынылды.

А. Мұрат
полиция аға лейтенанты
201 оқу тобының кураторы