Ұлы Абайға 175 жыл

Қазақтың ұлы  ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына  175 жыл толуына байланысты 2020  жылдың 30 қаңтар күні Ішкі істер министрлігінің Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының кәсіптік даярлық курсының 2-курс курсанттары  полиция қатарындағы Виктория Вьюшкина, Ердаулет Қуандық, Аида Бакбаева Лев Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткізілген «Қостанай Абайды оқиды» челленджін қолдады. Сонымен қатар курсанттар ойшыл Абайға арнап өлеңдерін оқыды.
Челлендждің негізгі мақсаты қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, кемеңгер,  ұлы Абайды таныту, оқуға шақыру, дәріптеу және оның қалдырған мұрасымен жас ұрпақтарды тәрбиелеу болып табылады.
Абай атамыздың «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деген өсиетін көкіректе нық сақтайық.

2- курс курсанты
полиция қатарындағы
А. Бакбаева