Үлгілі отбасы – мәңгілік елдің тірегі !!!

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының профессорлық-оқытушылық құрамының офицері полиция майоры Әсел Батырбайқызы Ақылбекованың өмірбаяны жайлы сыр шертейік!.
«Атадан ұл құл боламын деп тумайды, Анадан қыз күң боламын деп тумайды», — демекші, атасы Соғыс ардагері, майданда жүріп қазақтың келешек болашағы үшін күресіп, жеңісті сыйлаған атамыз Қазий Алмағамбетұлы Истулиннің немересі болып табылады. «Атасының ерліктерін көрген Әсел Батырбайқызы, алдына биік мақсат қойып, армандарының куәгері болды.
Әсел Батырбайқызы кәсіби маман, аяулы жар, асыл ана. Әсел Батырбайқызы 1987 жылы 19 наурызда Қостанай облысы, Краснодон ауданында дүниеге келген. Қостанай қаласындағы Қостанай заң институтына 2004 жылы оқуға түсіп, 2008 жылы үздік бітіріп шықты. 2008 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті академиясының магистратурасына түсіп, 2010 жылы оқу орнын үздік бітірді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы болып қызмет атқарады. Өмірлік жолдасы Қайрат Асқарбекұлы Ақылбеков Алматы облысының тумасы. 2008-2013 жылдары Қазақстан Республикасының ІІМ Қостанай академиясының сырттай оқыту факультетінің тыңдаушысы болды.
Бүгін, жары Әселмен бірге Қостанай академиясының кезекші бөлімінің инспекторы полиция аға лейтенанты қызметін атқаруда. Отбасында үш қызын тәрбиелеп отыр. Қыздары мектеп қабырғасында білім алып жатыр, үлкен қызы 8 жаста, ортаңғы қызы 6 жаста, кіші қызы 1 жаста. Бала тәрбиесімен үйде ата-анасы айналысады, ата-әжесі де өнегелі тәрбиесін алуда. Ата көрген, әже көрген баланың тәрбиесіне шүбә келтірмеймін. Қыздары тәрбиелі, ақылды, сүйкімді, ең маңыздысы адамгершілік, мейірімділік қасиеттер қыздарының бойынан табылғандығы. Әсел Батырбайқызы қызмет атқару барысында Академия басшылығынан және Ішкі істер министрлігінен бірталай марапаттармен марапатталған.

Сұхбат барысында Әсел ханым байсалды, байыпты ұстап, сұрақтарға толық, нақты жауап беріп, атасынан үйренгенімен бөлісті. Әсел ханымның осы салаға бет бұруының бірден-бір себебі: «атам секілді ел қорғаймын», деген осыдан-ақ арманы. Отан отбасынан басталады деген сөздердің бекер еместігін аңғаруға болады. Қазіргі уақытта ел қорғайтын, құқық қорғайтын азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеп, тура жолдан тайдырмай, жігерлендіріп жүр. Әйел адамға отбасы мен жұмысты қатар алып жүру оңайға түспесі анық, бірақ мақсат бар, ниет бар жерде ешқандай істе қиындық пен шаршауға орын жоқ деп өзін жігерлендіріп отырады. Осындай мінез Әлия мен Мәншүк апаларымыздың бойынан табылғанына күмәніміз жоқ. Әйел мінезі қатты да, жұмсақ та болмауы керек, әйел адам өз орнымен екі қасиетті шегінен шықпай қолдана білсе, бұл әйел адамға тең келер ештеңе жоқ. Әсел ханым бала тәрбиесіне қатаң қарайды. Олардың бос уақытын үнемді пайдаланады. Үлкен екі қызы биге қатысады, қосымша сабақтарға барады. Мысал ретінде айта кететін болсам, 9 мамыр Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Қостанай қаласының ардагеріне отбасымен барып, алғыс білдіріп, тағзым етті. Бұл жайлы Академия сайтында да жарияланған-ды. Өткеніміз болмаса, болашағымыз түзелмейді. Қыздарына үлгі көрсетіп, ардагерімізге бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан, бейбітшілігіміз үшін алғыс білдіру мақсатында барған болатын. Ата-ана қандай іс-әрекет жасаса да, барлығын баланың қамы үшін жасайды. Барлығымыз да келешек ұрпақтарымыз үшін еңбек етіп жүрміз ғой, олардың қуанышы біздің қуанышымыз. Курсанттармен жұмысқа орналасқан күннен бастап ғылыми жұмыстармен жұмыс жасап келеді. Әсел ханым әрдайым курсанттарға көмек беріп отырады.
«Ешкімде ешкімнен артық немесе кем көрмеймін», — деген Әсел ханымның сөзі жүрегімді елжіретіп жіберді. Мен, осы кісінің курсанты болғандықтан, бұл сөздердің шындық екеніне сенімім мол.
Қорыта айта кеткім келгені — қандай офицер болмасын барлығы үлгі болуға лайықты. Әскери өмір мен қарапайым халықтың күнделікті өмірінен айырмашылығы жер мен көктей. Әр минуттарын халықтың қамы үшін, халықтың игілігі үшін тәуекелге бел буып жұмыс жасайды. Әсіресе әйел адамдары үшін бұл сала өте қиын, бірақ қиындығына мойымай өз кезектерінде ерліктерін көрсетіп жатыр. Біздің заманымызға дейінгі ерлік пен қазіргі заманның ерліктерін шатастырмауымыз керек, «заманына қарай адамы» деген сөз бар.
Ең бастысы отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызда биіктерден көрінулеріңізге тілеймін. Біздің ұлттық құндылықтарымыздың бастауы – отбасы. Әке – отбасының тірегі болса, ана – берекесі.
Менің ойымша, бақытты отбасы шаңырағынан бақытты ұрпақ тәрбиеленіп шығады. Бақытты ұрпақтан құралған ұлт та, қоғам да бақытты болады. Бақытты отбасы көбейе берсін ағайын!

Полиция қатарындағы
2 курс курсанты
Г. Максетова