Үздік қабырға газеттері анықталды

Қылмыстық-іздестіру күні мерекесіне орай Академияның жедел-іздестіру қызметі кафедрасы 4-курс курсанттары арасында қабырға газеттерін салудан байқау өткізді.

Байқауға барлық курсанттар белсенді қатысты, олар өздерінің тың ойларын ортаға салып, тапқырлықтарын танытып, өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарау арқылы тиянақтылығын көрсетті.

Байқаудың қорытындысы бойынша:
І орынды – 407 топ
ІІ орынды – 403 топ
ІІІ орынды – 405,412,414 топ курсанттары иеленіп, грамоталармен марапатталды.
Барлық қатысқан топтарға жедел-іздестіру қызметі кафедрасы атынан алғысымызды білдіреміз!

Ардақ КАРЛ Жедел-іздестіру қызметі кафедрасының
аға оқытушысы полиция майоры