«Құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша ішкі істер органдары қызметкерлерінің іс-қимылдары» кешенді оқытулары

Ішкі істер органдарында әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасының оқытушылары Академияның оқу дала лагерінде кешенді оқытуларының екінші кезеңіне қатысты.

Оқытулардың мақсаты: теориялық білімдерін тереңдету, тәжірибелік дағдыларын бекіту, ақаулы жағдайдыдұрыс түсініп, іс-қимыл жасау дайындығын көрсету. Оқытуларға 3 курс 305,306,307 және 310 оқу топтарының курсанттары қатысты.

 

Кіріспе тапсырмасына сәйкес үй ауласын тексергенде полиция учаскелік инспекторы үйдің жанында спирттік ішімдікті ішіп отырған тұлғаларды анықтады. Сонымен қатар олардың бірі пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығын шектеуге сотталғанадам екендігі анықталды. Учаскелік инспектор процессуалдық әрекеттерді жасап, кінәлі тұлғаларды әкімшілік жазаға тарту және құқық бұзушылықтың жолын кесу үшін барлық жағдайды жасады. Сотталған адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылықты негізге ала отырып, пробация қызметінің қызметкері түсініктеме алды, бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ескерту шығарды, одан кейін сотқа ұсыным жасады. Сонымен қатар пәтерлерді аралау барысында учаскелік инспекторға И. азаматшасы жүгінді, ол күйеуінің пробация қызметінде шартты түрде сотталған ретінде есепте тұрғаны және мас күйінде оған зорлық-зомбылық жасағаны туралы хабарлады. Учаскелік инспектор әкімшілік құқық бұзушылық туралы қажетті процессуалдық құжаттарды әзірледі.Пробация қызметінің қызметкері түсініктемені алып, пробация қызметіне сотталған адамды шақырды. Кейін шартты түрде соттылығының күшін жою туралы ескерту шығарып, шартты түрде соттылығының күшін жою және бас бостандығынан айыру орындарына жіберу туралы ұсыным жасады.

 

Оқытуларға қатысу үшін ішкі істер органдарында әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасы Қостанай қаласы пробация қызметінің бастығы әділет майоры Е. Тумурзинді шақырды. Тәжірибелік қызметкер курсанттардың дайындаған құжаттарына жоғары баға беріп, сотқа жолданатын ұсыныстарды құру мәселелері туралы кеңес берді.

Курсанттар мол тәжірибе жинап, оң әсер алды және ІІО қызметкерлерінің жұмысында қажетті тәжірибелік дағдыларды меңгерді.

ІІО-да ӘЖҰ кафедрасының
аға оқытушысы
полиция подполковнигі
К.Туретаев

Комплексные учения «Действия сотрудников органов внутренних дел по предупреждению и пресечению правонарушений»

В учебно-полевом лагере Академии сотрудники кафедры организации социальной работы в органах внутренних дел приняли участие во втором этапе комплексных учений.

Целью учений было углубление теоретических знаний, закрепление практических навыков, выработка готовности к действиям в нештатных ситуациях и умения правильно оценивать реальную обстановку.В учениях были задействованы курсанты 305,306,307 и 310 учебной группы 3-го курса.

 

Согласно вводному заданию входе производства подворного обхода участковым инспектором полиции были обнаружены лица, распивающие спиртные напитки в беседке возле дома. При этом один из них является осужденным к ограничению свободы, состоящим на учете службы пробации. Участковым инспектором были произведены соответствующие процессуальные действия по пресечению правонарушения и привлечению виновных лиц к административной ответственности.В отношении осужденного, на основании протокола административного правонарушения сотрудник службы пробации отобрал объяснение и вынес предупреждение о замене наказания в виде ограничения свободы на лишение свободы, затем составил представление в суд. Кроме того, в ходе поквартирного обхода к участковому инспектору полиции обратилась гражданка И.,которая сообщила о том, что ее супруг,состоящий на учете службы пробации как лицо условно осужденное, находится в состоянии алкогольного опьянения и применил в отношении нее физическое насилие. Участковый инспектор составил необходимые процессуальные документы по делу об административном правонарушении.Сотрудник службы пробации отобрал объяснение, вызвал осужденного в службу пробации, где вынес предупреждение об отмене условного осуждения и составил представление в суд об отмене условного осуждения и направлении в места лишения свободы.

Для участия в учениях кафедрой организации социальной работы в органах внутренних дел, был приглашен начальник службы пробации города Костаная, майор юстиции Тумурзин Е.Е., который дал оценку курсантам в подготовке документов и проконсультировал в вопросах составления представлений, направляемых в суд.

Курсанты получили большой практический опыт, зарядились положительной энергией и усвоили практические навыки которые пригодятся им в деятельности сотрудника ОВД.

Старший преподаватель
кафедры ОСР в ОВД
подполковник полиции
К.Туретаев