Құрметті әріптестер!

Ішкі істер органдары — мемлекеттік биліктің қоғамда құқық тәртібін, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құрылымдарының бірі. Тәртіп сақшылары тәртіпті қамтамасыз ететін, халық арасында сақтық жұмысын жүргізетін, азаматтардың тыныштығын, заңдылық пен құқық тәртібін қорғайтын білікті мамандар. 23 маусым жыл сайын Қазақстан полициясы күні ретінде аталып өтіледі.
Еліміздің қорғандары – полиция қызметкерлерінің еңбектеріне табыс, қызметтеріне сәттілік пен абырой тілеймін. Қазақстан Республикасының өркендеуі жолында табысты қызмет ете берулеріңізге тілектеспін. Халқымыздың амандығын сақтауға және Отанымыздың өркендеуіне қосып жатқан үлестеріңіз аз емес, еңбектеріңіз әрқашан жемісті де табысты болғай!
Құрметті әріптестер, сіздерді Қазақстан Полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!