Құрметті ұстаздар, ата-аналар мен курсанттар!

ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы баршаңызды ең жарқын мереке – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Бірінші қыркүйек әрдайым керемет мереке және білімнің, жаңа ашылулардың, жетістіктер мен жеңістердің, достармен және дана тәлімгерлермен, тәрбиешілермен кездесудің және қызықты әлемге саяхаттың басталу күні. Президентіміз Қ.Тоқаев атап өткендей, цифрлық дәуірдегі жаңа білім мен дағдылар жаңа буынның болашақ табысының кілті болып табылады. Бұл күн сол үшін де бәрімізге маңызды. Өйткені, адам өмірінде қандай биіктерге жетсе де, бұл білім арқасында.
Жаңа оқу жылы барлығыңыз үшін сәтті және қуанышты болсын!