Құрметті ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының түлектері!

ІІМ басшылығының нұсқауын орындау үшін ағымдағы жылы мемлекеттік емтихандар аумақтық Полиция департаменттерінің базасында қашықтық форматында өтеді. Қостанай облысының түлектері үшін бітіру емтихандарын өткізу орны болып Академия белгіленді.
2019-2020 оқу жылының қорытынды аттестациясы екі кезеңнен тұрады:
1. Компьютерлік сыныпта базалық пәндер бойынша ұзақтығы 90 минут тестілеу.
2. Бейінді пәндер бойынша онлайн режимінде ауызша емтихан.
Емтихан билеттері Сіздер өндірістік тәжірибеден өтіп жатқан аумақтық Полиция департаменттері бастықтарының атына арнайы конвертте жіберілді және ол емтихан басталар алдында көпшілік алдында ашылатын болады.
Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының кестелері Telegram арнасында және Академия сайтының http://kostacademy.edu.kz «БІЛІМ БЕРУ ПОРТАЛЫ» – «САБАҚ КЕСТЕСІ» бөлімінде орналасатынына назар аударыңыздар.
Бағдарламалар, мемлекеттік емтихандар сұрақтарының тізімі, шолу дәрістері қашықтықтан оқыту жүйесінде және Telegram арнасында орналастырылатын болады. Емтиханға кеңес ZOOM арқылы ұйымдастырылады,кіру сілтемесін Сіз WhatsApp арқылы аласыздар.
Сіздердің білімдеріңізді объективті бағалау үшін аумақтық Департаменттерде әкімшілік полиция, ҚАЖ, сондай-ақ ӨҚБ саласы бойынша тәжірибелі қызметкерлер қатарынан жауапты тұлғалар бекітіледі, олар емтихан қабылдау рәсіміне қатысатын және бақылау жасайтын болады.
Барлық сыбайлас жемқорлық фактілері, сондай-ақ емтихан алушылар немесе үшінші тұлғалар тарапынан қиянат етушіліктертуралы дереу жеке маған (+7-701-111-6714) немесе ӨҚБ-ның аумақтық қызметкеріне хабарлауды сұраймын.
Қорытынды аттестаттауға дайындалу үшін, Сіздерге «Құқық қорғау қызметі туралы» ҚРЗ 74-бабына сәйкес, емтихандарды өткізу кезеңінеқысқа мерзімді демалыс (кестеге сәйкес) беруді өтіндік.
Емтиханға салтанатты киім нысанында(ұзын жеңді ақ көйлек, қара галстук), қызметтік куәлікті ала келу керек.
Қорытынды емтихандарды сәтті тапсырған жағдайда, Академияны бітіргені туралы дипломдар мен төсбелгілер салтанатты түрде тапсыру үшін қызмет өткеретін Департамент бастықтарының атына жіберіледі.

Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін!

Құрметпен, Нұрлан Биекенов! Р.S. Жақын арада Сіздермен онлайн кездесуге арналған күн мен оңтайлы алаңды белгілейміз. Емтихандарды ұйымдастыру және өткізу бойынша сұрақтарды Telegram арнаның чатына жолдауларыңызды сұраймын.