Құрметті ардагерлер!

Баршаңызды 1 қазан — Қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің бойларыңыздағы өмірге деген шексіз белсенділік, ерік-жігер бүгінгі жастарға үлгі-өнеге болып табылады. Ардақты ардагерлер, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде белсенділік көрсетіп, қажымас еңбек еттіңіздер. Біздер, жас ұрпақ сіздердің бай тәжірибелеріңізді жоғары бағалап, ерен еңбектеріңізге, шыдамдылық пен төзімділіктеріңізге алғысымызды білдіреміз. Сіздерге зор денсаулық, мәнді өмір, талмас талап пен амандық тілейміз, жақындарыңыздың сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арта берсін.
ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының кәсіби даярлық факультетінің полиция қатарындағы 4-курс курсанты Ұлан Оспанжанұлы Тұрсынов жүректен шыққан өлең шумақтарын Сіздерге арнайды.

Қарттарым – асыл қазынам!

Қарттарым қазынам ол елімдегі,
Байлығым ең бағалы жерімдегі.
Бағдар беріп, жастарға жол көрсетіп,
Бата берер киелім ол төрімдегі.

Өмірдің талай көріп күз, көктемін,
Тағдырдың талай ашып жүз беттерін.
Қарттарым қалдырдыңыз ұрпағыңа,
Келешек кемел жолдың тізбектерін.

Қартты сыйла жастықтың көктемінде,
Мынау жалған тым қысқа өткеруге.
Жылдар жылжып, барасың сенде ертең,
Қарттық дейтін өмірдің мектебіне.