Құрметті ардагерлер, әріптестер мен курсанттар!

Академия басшылығының және өз атымнан Сіздерді еліміздің ұлттық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстан тәуелсіздік тарихында сындарлы сәттерден сүрінбей өтіп, әлемдік аренада өзіндік орны бар еңселі елге айналды. Әлемдік қоғамдастыққа шекарасы шегенделген, іргесі берік, бірлігі бекем мемлекет ретінде танылды. Тәуелсіздігіміздің тұғырлана, егемендігіміздің кемелдене түсуіне ішкі істер органдары қызметкерлері де айтарлықтай үлес қосып келеді. Соның ішінде біздің Академияның жеке құрамы да елдегі төтенше жағдай кезеңінде құқықтық тәртіпті қорғап, халқымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ат салысты. Алдағы уақытта да мемлекет мүддесі жолында аянбай еңбектеніп, өз міндеттеріңізді адал атқаратындарыңызға сенемін.
Осындай мерейлі мереке қарсаңында елімізге тыныштық, отбасыларыңызға амандық-саулық және қиындығы мен қызығы қатар жүретін қызметтеріңізге толағай табыстар тілеймін!

Құрметпен,
Н. Биекенов