Қымбатты әріптестер!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1 мамыр – барша қазақстандық ұрпақтың сабақтастығы мен біздің қауымдастығымыздың белгісі. Еліміздегі қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті.      Сіздерге бақыт-береке, ашық аспан, елімізді өркендету жолындағы еңбектеріңізге мол табыс, отбасына амандық тілеймін! Отанымыздағы ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, бірлігіміз бір шаңырақтың астында мәңгі жасай берсін!