Қызықты өткен жексенбі

Жексенбі – әрбір адам үшін асыға күтетін, еркін тыныға алатын бағалы да, қуанышты күн. Ауа райы да дәл серуендеуге арналғандай қолайлы болды. 2019 жылдың мамыр айының 26 күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының күндізгі оқыту факультетінің 208-топ курсанттары «Боулинг» ойынына және саябақа барды.

Сейілдемеге шығудың басты мақсаты: курсанттар мен топ жетекшісі арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Топ арасындағы бірлестікті қалыптастыру.

Топ арасында әңгімелер айтылып жақсы ойын өтті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Əр курсант ойында өз өнерін көрсетіп, өз араларында топтық жарыс ұйымдастырды.

Мәдени-демалыс қызметі Ішкі істер органдарының болашақ қызметкерлері арасында шығармашылық белсенділікті дамыту үшін қажет, сондықтан осындай іс-шаралар алдағы уақытта да өткізілетін болады.

208 топ кураторы
майор полиции
Арстанбаева Б.Б.