Қызықты күннен естелік

2019 жылдың 11 қазанында ІІО әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасының оқытушылары «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша оқитын күндізгі және сырттай оқыту факультетінің 4 — курсы 413, 414 — оқу топтары курсанттарымен «Қылмыстық-атқару жүйесінде денсаулық сақтау» пәнінің аясында Қостанай облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығына шығу сабағын ұйымдастырды. Қостанай облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы — емдеу және алдын алу мекемесінің ерекше түрі, оның қызметі бүкіл аймақта АИТВ және ЖИТС-тің алдын алу, диагностикалау және емдеуді ұйымдастыруға және үйлестіруге бағытталған. Облыс орталығында 25 дәрігер жұмыс істейді, олардың 7-і жоғары біліктілік санатына ие. Жобалық қуаты — бір ауысымда 50 адамға дейін.
Сабақ барысында орталықтың алдын алу бөлімінің меңгерушісі м.а. Балгужина Әсем Тоқтарқызы республика және Қостанай облысы бойынша статистикамен таныстырып, ақпарат берді. 2019 жылғы соңғы 9 айдың статистикасы бойынша Республика азаматтарында 2396 АҚТҚ инфекциясы тіркелген, оның ішінде 22 бала. Еліміз бойынша ЖИТС ауруымен тіркелегендер бойынша 1 — орында Солтүстік Қазақстан облысы, 2 — орында Қостанай облысы алады. Өкінішке орай бұл аурудың саны жыл сайын өсуде. Қазіргі таңда бұл ауру инъекциялық есірткі жолымен көп беріледі, нашақорлардың санының көбеюі, бұл аурудың да санын асыруда. Қостанай облысы бойынша 2019 жылдың соңғы 9 айының статистикасы бойынша ЖИТС – пен ауыратын ер адамдар – 63,2 % (1514), ал әйелдер – 36,8 % (882). Курсанттар орталық маманы Әсем Тоқтарқызы сұрақтар қойып, оларға нақты және толық жауап алды. Алдағы уақытта орталық мамандары Академия аумағында кездесу өткізуді жоспарлауда, орталықтың ашық есіктер күніне курсанттарды шақырды. Өз тарапынан орталық мамандары курсанттарға оқуда және қызметте сәттілік тіледі.

Ішкі істер органдарында
әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру
кафедрасының оқытушысы
полиция майоры
А. Танкибаева