ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында ЖІҚ кафедрасы «Сақшы на страже» ғылыми үйірмесінің конференциялық отырысы

КҒЗЖ жоспарына сәйкес 2018 жылдың 5 сәуірінде . «Ішкі істер органдарының жедел-іздестіру қызметі құқықтық және ұйымдасқан түрде реттеуді жетілдіру» тақырыбындағы ғылыми тәжірибелік конференция өткізілді.

ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында аталған тақырыптағы өткен жиын барысында Ғылыми-педагогикалық магистратураның 2 курс магистранттарының ғылыми баяндамалары тыңдалып,олар алған білімдерін биік деңгейде көрсетті.

«ҚР ҚАЖ-дегі Экстримизм мен терроризмнің алдын алу шаралары» туралы баяндамасымен Ғылыми-педагогикалық магистратураның 2 курс магистранты, әділет капитаны С.Альменов тыңдалған болатын. Келесі «Діни сауатсыздық діни экстримизмнің қайнар көзі» тақырыбымен 2 курс магистранты әділет аға лейтенанты А.Шотай өзінің ғылыми жұмысын қорғады. Тақырыптар аясы кең ашылып, бүгінгі күннің ауқымды мәселелерін жан-жақты қарастырды.

Баяндама барысында қызықты да, пайдалы мәліметтер айтылып, баяндама аяқталған уақытта конференцияға қатысушы курсанттар мен офицерлік-оқытушы құрам осы тақырыптар бойынша магистранттарға өзекті сұрақтар қоя отырып, толық қанағаттандыралық деңгейде жауап алды.

ЖІҚ кафедрасының
КҒЗЖ үшін жауапты
полиция майоры Е.Токжанов