ҚР ІІМ Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығының қызметкері қатысуымен тәжірибе сабағы өтті

Ағымдағы жылғы 2 сәуірде ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының кәсіби даярлық факультетінің 3-курс 308-взводының «Ішкі істер органдарындағы анықтау қызметі» пәнінен тәжірибе сабағына ҚР ІІМ Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығының арнайы пәндер циклі бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, полиция подполковнигі Қаратаев Тұрдалы Жақсылықұлы қатысты.

«Хаттамалық нысанда өткізілетін сотқа дейінгі өндіріс түсінігі, маңызы және ерекшеліктері» тақырыбы бойынша курсанттар презентация, зияткерлік ойын, ребус тапсырмаларын дайындады. Ал сабақ қонағы полиция подполковнигі Т.Ж.Қаратаев сабақ тақырыбы бойынша курсанттарға хаттамалық нысанның жалпы түсінігін, мәні мен маңыздылығын, басқа нысандардан ерекшелігін, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу кезінде кездесетін өзекті проблемаларға тоқталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қызметкерлер кездесетін қиындықтарды, жұмыстың қыр-сырын, жаза тағайындау мен өтеу жүйесіндегі әлі де шешімін таппаған мәселелерді айтып өтті. Сондай-ақ, курсанттарға жеке кеңес берді. Олар қойған сұрақтарға жауап беріп, өзінің тергеуші тәжірибесін де еске алды. Сабақ өте қызықты, жан-жақты және жоғарғы деңгейде өтті.

Қылмыстық процесс және криминалистика
кафедрасының оқытушысы
полиция майоры
Ж. Нурмаганбетова