Қосымша практика алдындағы нұсқаулық

2019 жылғы 28 қазаннан бастап Академияның Күндізгі және сырттай оқыту факультетінің 3 курс (қылмыстық-атқару және әлеуметтік жұмыс мамандандыру) курсанттарының қосымша практикасы басталды.
Қосымша практика ҚР ІІМ ҚАЖК Қостанай облысы бойынша департаментіне қарасты Қостанай қалалық пробация қызметі мен УК-161/1, УК-161/2  мекемелерінің базасында өтеді.
Қосымша практиканың мақсаты курсанттардың Академия қабырғасында алып жатқан теориялық білімі мен арнайы дағдыларын нығайту, курсанттардың тәжірибелік қызметке қажетті кәсіби қабілеттері мен қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.
Осыған орай, қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасының 3 курс курсанттарымен практика алдында нұсқаулық өткізді.

Нұсқаулық барысында, курсанттарға тәжірибелік органдарда болу, өздерін ұстау тәртібі таныстырылып, ҚАЖ мекемелерінде практика өту барысында өздеріне жүктелетін міндеттер мен талаптар (сотталғандармен қызметтік емес байланыстарға түсу, тыйым салынған заттарды алып кірмеу және т.б.) ерекше аталып өтті.

ҚҚАҚ және К кафедрасы
бастығының орынбасары
полиция подполковнигі
Г. Кажикова