Қосымша практиканы ұйымдастыру жалғасын табуда..

2018 жылдың 14 қарашасынан бастап қылмыстық, қылмыстық — атқару құқығы және криминология кафедрасы күндізгі оқыту факультетінің 2, 3 және 4 курс курсанттарының қосымша практикасын ұйымдастыруда. Осы орайда, ағымдағы жылдың қараша айының 16 жұлдызында қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасының оқытушысы полиция капитаны Мадияр Қалқаманұлының жетекшілігімен күндізгі оқыту факультетінің 2, 3 және 4 курс курсанттарының қосымша практикасы тексерілді.
Қосымша практика барысында курсанттар жол-патрульдік полициясы және учаскелік полиция инспекторларының практикалық қызметкерлерімен бірлесіп, құжаттарды, хаттамаларды толтыруды үйреніп, қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын-алу шараларын жүзеге асырды.
Сонымен қатар курсанттар Қостанай қаласы бойынша пробация қызметінің күнделікті жұмыстарын көріп, сотталғандардың тұрғылықты мекенжайларын тексеріп, мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған сотталғандардың істерімен танысқан болатын.
Қорыта айтсақ, қосымша практиканың болашақ полиция қызметкерлеріне берер әсері мол.

ҚҚАҚжәнеКК оқытушысы
полиция капитаны
М.Қалқаманұлы