Қостанай қаласы полиция басқармасының жедел-криминалистік бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры Т .Кульдиновпен өткізілген онлайн сабақ

2021 жылдың 10 маусымында Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушысы полиция капитаны Г. Кужарова кәсіби дайындық факультетінің 3-курс 304 оқу тобының курсанттары арасында «Криминалистика» пәні бойынша «Қылмыстарды ашу және тергеп тексеруде арнайы білімдерді қолдану тактикасы.Үлгілерді алу. Сот сараптамасын тағайындау және оны жүргізу тәртібі» тақырыбына Қостанай қаласы полиция басқармасының жедел-криминалистік бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры Т. Кульдиновты оқу процесіне тарта отырып, онлайн сабақ өткізілді.
Сабақты өткізу барысында полиция майоры Т. Кульдинов жедел-криминалистикалық бөлімге қылмыстық істер бойынша тағайындалатын сараптама жүргізу әдістемесі мен тактикасы туралы баяндады. Өз қызметінде криминалистер көбінесе дактилоскопиялық, баллистикалық және трассологиялық зерттеулер жүргізеді, олардың қорытындылары қылмыстық құқық бұзушылықты ашуда маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ, полиция майоры Т.Кульдинов криминалистердің сараптама жүргізуге рұқсаты туралы айтты.
Полиция майоры Т.Кульдинов  курсанттарға оқуда алған білімдері мен дағдыларын танысу практикасында қолданып, болашақ қызметінде  сәттілік тіледі.

Қылмыстық процесс және криминалистика
кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны Г. Кужарова