Қостанай академиясында Нельсон Мандела ережелерінің ғылыми-білім беру орталығы ашылды

Бүгін ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында елімізде тұңғыш рет Нельсон Мандела ережелерінің ғылыми-білім беру орталығының салтанатты ашылуы өтті.

Іс-шараға Германия, Словения, Болгария, Қазақстан сарапшылары қатысты. Қазақстан Республикасы ІІМ ҚАЖ комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов өз сөзінде атап өткендей, Қостанай академиясы ҚР ІІМ жүйесінің ведомстволық оқу орны болып табылады. Оның бағыттарының бірі қылмыстық-атқару жүйесі үшін қызметкерлерді даярлау. Осыған байланысты, бүгінде осы бағыттағы халықаралық құқықты кеңінен зерделеу үшін БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының қолдауымен Қазақстанда аналогы жоқ Н.Мандела ережелер орталығы ашылды.

-Халықаралық құқық нормаларын, атап айтқанда Нельсон Мандела ережелерін білу адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Бұл ең алдымен сотталғандармен жұмыс істеу кезінде сақталуы тиіс, — деді Қостанай академиясының бастығы полиция полковнигі Нұрлан Биекенов. -Бүгінгі таңда оқытушылар мен курсанттардың алдына қоятын негізгі міндет-ережелері қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері тәжірибеде қолдануы тиіс, қазіргі заманның көрнекті қайраткері, Нобель сыйлығының лауреаты қалдырған мұраны зерттеу.

Орталықты құру және ашу кезінде жүргізілген ауқымды жұмысқа, сондай-ақ жалпы Академияның қызметіне бағдарламаның халықаралық үйлестірушісі, БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының штаб-пәтері Торбен Адамс жоғары баға берді. Ол Қостанай жоғары оқу орнымен бірлескен жұмыс Қазақстанда жарқын жобаға айналғанын, ол алдағы уақытта да жоғары кәсіби деңгейде жалғасатынын атап өтті.

ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай
академиясының баспасөз қызметі

В городе Костанай открыт Центр правил Нельсона Манделы

Сегодня в Костанайской академии МВД им.Ш.Кабылбаева прошло торжественное открытие первого в нашей стране научно-образовательного Центра правил Нельсона Манделы.
В мероприятии приняли участие эксперты из Германии, Словении, Болгарии, Казахстана.
Как отметил в своем выступлении Председатель Комитета УИС МВД Республики Казахстан Жанат Ешмагамбетов, Костанайская академия является ведомственным учебным заведением системы МВД РК, одним из направлений которого является подготовка сотрудников для уголовно – исполнительной системы. В связи с чем, сегодня, для более широкого изучения международного права в этом направлении, при поддержке Управления по наркотикам и преступности ООН открыт Центр правил Н.Мандела, аналога которого нет в Казахстане.
— Знание норм международного права, а именно правил Нельсона Манделы являются одним из основополагающих направлений в защите прав и свобод человека, что в первую очередь необходимо соблюдать при работе с осужденными, — сказал начальник Костанайской академии полковник полиции Нурлан Биекенов. — Основной задачей, которую сегодня мы ставим перед преподавателями и курсантами, это изучение того наследия, которое оставил выдающийся деятель современности, лауреат нобелевской премии, чьи Правила должны быть применимы на практике сотрудниками уголовно-исполнительной системы.
Высокую оценку проведенной масштабной работе при создании и открытии Центра, а также деятельности Академии в целом, дал Международный координатор программы, штаб-квартира Управления ООН по наркотикам и преступности Торбен Адамс. Он подчеркнул, что совместная работа с костанайским вузом стала ярким проектом в Казахстане, который в дальнейшем будет продолжена на высоком профессиональном уровне.

Пресс-служба Костанайской академии
МВД им.Ш.Кабылбаева