Қостанай облысы Полиция департаментінің Анықтау басқармасы бастығының орынбасарымен өткізілген онлайн сабақ


2021 жылғы 27 сәуірде Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушысы полиция капитаны Г.Кужарова кәсіби даярлық факультетінің 3-курсы 304-оқу тобының курсанттары арасында «Криминалистика» пәні бойынша «Тінту және алудың тактикасы» тақырыбында Қостанай облысы Полиция департаментінің Анықтау басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Е.Нурмухамедовті оқу процесіне тарта отырып, онлайн сабақ өткізді.
Сабақ барысында полиция полковнигі Е.Нурмухамедов жалпы практикада қылмыстық іс бойынша тінту жасалу жолдарын және тергеу тобына кіретін лауазымды тұлғалар туралы сөз қозғады. Сонымен қатар полиция полковнигі Е.Нурмухамедов есірткі заттарын заңсыз сақтау сияқты қылмыстық құқық бұзушылықтарға тоқталып өтті.Курсанттар сабаққа қызығушылық танытып, қылмыстық іс бойынша тінту жүргізу ережелері жөнінде көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды.
Полиция полковнигі Е.Нурмухамедов курсанттарға болашақ қызметтеріне  сәттілік тілеп, алған білімдері мен дағдыларын танысу практикасында тиімді қолданулары керектігін айтты.

Қылмыстық процесс және криминалистика
кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны
Г. Кужарова