Қостанай академиясының 3 курс курсанттары тәжірибе жинақтауда

Қазан айының үшінші жұлдызында, Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының күндізгі оқыту факультетінің 3 курс курсанттары 301, 302, 303, 304 және 307, 308 оқу топтарымен әкімшілік құқық пен әкімшілік қызмет кафедрасының оқытушылары полиция капитаны              М. Жұмашев пен А. Әбдәлі ІІМ Қостанай облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына тәжірибе жинақтау үшін барды.
Курсанттар жедел басқару орталығында өздеріне қажетті ақпарат алып, қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауап алды. Күніне орталыққа келіп түсетін әкімшілік құқық бұзушылықтардың түрлерімен олардың санымен, ол жерде қызмет атқаратын жеке құраммен, сонымен қатар олардың жұмысымен танысты. Бүгінде, Қостанай қаласы статистика бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасаудан басқа аймақтармен салыстырғанда алғашқы бестікке кіреді. Сол себепті орталық қызметшілері курсанттарға қазіргі таңда жақсы білім алып, кейін жұмыстарын адал атқаруға кеңес беріп, орталықтың кәсіби мамандарды өздеріне қабылдайтынын жеткізді.
Қорытындылай келе, Қостанай облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығының қызметкерлері таныстыру дәрісін қызықты да ерекше  жүргізді. Кез – келген жаңа білім, тәжірибелік сабақтар курсант үшін  жаңа азық, мол мұра. Қостанай академиясының курсанттары Академия қабырғасында жан-жақты жетіліп, шыңдалуда. Осы мүмкіндік үшін олар әрқашан да сүйікті оқу орындарынына және оның басшылығына үлкен алғысын білдіреді.

Әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет
кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны
А.Әбдәлі