Қостанай академиясының мұражайындағы киелі домбыра

Домбыра – қазақ өмірінде маңызды орын алатын, екі шекті көп пернелі ежелгі музыкалық аспаптың бірі. Қазақстан Республикасының ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхтар Әуезовтің тапсырысы бойынша арнайы жасалған киелі, қасиетті домбыра бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының мұражайында М.Әуезов тартқан құнды жәдігер ретінде домбыра сақталып тұр.
Қазақтың қара домбырасының тарихын Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының құрметті зейнеткері, профессор, заң ғылымдарының кандидаты, отставкадағы полиция генерал-майоры Мирлан Ахмедияұлы Қызыловтың ізденімпаз еңбегінің арқасында бұл домбыраның М.Әуезовтің тапсырысы бойынша жасалынғаны белгілі болды. Мұнан кейін атақты домбыраны әнші, жазушы, ҚазКСР-нің еңбек сіңірген әртісі Жәнібек Кәрменов қамқоршы ағасы, мемлекет және қоғам қайраткері, генерал Шырақбек Қабылбаевқа сыйға тартқан екен.
Ал, 2014 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1287 Қаулысымен Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясына Шырақбек Қабылбайұлы Қабылбаевтың құрметті есімі берілгеннен кейін, көне домбыраны Шырақбек Қабылбаевтың немересі Ғалым Исабаев Қостанай академиясына сыйға тартты.
Бұл қазақтың киелі, қоңыр үнді домбырасы білім ордасының мұражайындағы басты қазына болып саналады. Қазіргі таңда Академияда білім нәрін алып жатқан курсанттарымыздың ұлттық рухын, нақышын, мәдениет пен өнерге деген құштарлықтарын арттыруда. Ақын, қолөнер шебері, жыр жинақтарының, аударма өлеңдердің, балаларға арналған өлеңдердің авторы, барша жұртқа танымал Серікбай Оспанов Мұхтар Әуезовтің осы киелі домбырасында ойнап, домбыраның тарихы зор екендігін айтқан. Ұлылар мен жақсылар қолының табы қалған қасиетті домбыра білім ордасы үшін құнды жәдігер.
Домбыра барда, ұлтымыз мәңгілік.