Қиын жағдайдағы балалар тағдыры

2020 жылдың 20 ақпанында «Халықтың түрлі санаттарымен әлеуметтік жұмыс» пәні аясында ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы кәсіби даярлық факультетінің «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша оқитын 3-курс курсанттарына Ішкі істер органдарында әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасының оқытушысы полиция майоры А. Танкибаева Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына» шығу сабағын ұйымдастырды. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы барлығы 25 балаға арналған, қазіргі таңда орталықта 22 бала орналастырылған. Орталыққа 3 жастан 18 жасқа дейінгі балалар қабылданады. Сабақ барысында балалардың әлеуметтік қорғанысы бойынша директордың орынбасары Сауле Алпысбаевна Алимбаева курсанттарды орталықтың жұмысымен таныстырды. Курсанттар балалармен танысып, олардың хал-жағдайын сұрады. Сабақ барысында курсанттар сұрақтар қойып, оларға нақты жауап алды. Орталықтағы балалардың Қостанай қаласының №8 және 115 орта мектебінде білім алатыны туралы айтылды.
Қазіргі кезде жетімдік қиянатын тарттырмай, жетім баланың жарым көңіліне қуаныш сыйлап, баланы өз қамқорлығына алып, оларға ата-аналық мейірімін сыйлаған жандар баршылық. Сауле Алимбаева орталықтағы ең кішкентай 4 жастағы баланы да асырап алушылардың дайын екендігін айтып кетті. Сабақ соңында курсанттар балалармен қоштасып, сәттілік тіледі.

ІІО әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру
кафедрасының оқытушысы
полиция майоры
А. Танкибаева