Қарттары бар ел — бақытты ел

Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілікте тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан — аяулы да ардақты қарттар.
Тарихымызға көз жүгіртсек, 1990 жылы желтоқсан айының он төртінші жұлдызында Бас Ассамблея 1 қазанды «Халықаралық қарттар күні» деп жариялады. Басында Қарттар күні Еуропада, кейін Америкада тойланған, ал 80 жылдардың аяғынан бастап барша әлем халықтары атап өтуде.
Қарттар күні алдыңғы буын аға-апаларымыздың төл мерекесі. Біздің басты мақсатымыз — қарт адамдарға, зейнеткерлер мен қарт мүгедектерге барынша көңіл бөлу, сонымен қатар қолдан келгенше көмек көрсету.
Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан қарттарға жан-жақты жәрдәмақылар беріліп жатыр.
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай, ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының басшылығы, Ардагерлер кеңесінің төрайымы және Кадр саясаты бөлімінің идеологиялық жұмыс бөлімшесінің қызметкерлері ардақты ардагерлеріміз — В.Квасенкоға, Б.Айтугановаға, К.Иманбаеваға, В.Юзупчукке, Б.Абдрахмановқа, Т.Родноваға қошемет көрсетіп, сыйлықтар табыс етті. Осындай атаулы күні, ішкі істер органдарында көп жылдар қызмет атқарып, оқу ордамыздың дамуы мен одан әрі гүлденуіне қосқан зор үлестері үшін алғысымызды білдіреміз.
Академия ардагерлері оқу ордамыздың басшылығына, Ардагерлер кеңесіне және қызметкерлерге мейірімге толы шексіз алғыстарын білдірді.