Қарағанды қоласы…

2019 жылдың 15-19 мамыр аралығында Қарағанды қаласында Президенттік көпсайыс жарысынан ҚР ІІМ оқу мекемелері арасында Спартакиада өтті. ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының 50-жыл толуына орай ұйымдастырылған және Жастар жылына арналған спартакиадасына 7 команда қатысты.
Курсанттар ПМ атысынан, 100 метр жүзуден, қашықтықтан секіруден, гранат лақтырудан, 100 және 3000 метр қашықтыққа жүгіруден ат салысты.
Қарқынды күрес нәтижесінде біздің курсанттар Петропавл Ұлттық Ұлан Әскери Институты мен Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясынан кейін үшінші орынға ие болды.
Жеке сынақта 100 м қашықтықта жүгіруден 3-курс курсанты Танатаров Маулен және 3000 м жүгіруден 1-курс курсанты Серали Нурболат жүлделі медальдарының иесі атанды.
Президенттік көпсайысынан II және III орындарын 2-курс курсанттары Бимжанов Алмас пен Кенжегали Ерген жеңіп алды.
Спартакиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен, мақтау қағаздарымен және медальдармен марапатталды.
Спортшыларымызды ЖжДД мен ӘжТАД кафедра оқытушылары Сыздықов С., Исергепов Қ., Жуматов К. және Абильмажинов М. дайындады.

ЖжДД кафедрасының оқытушысы
Қ.Исергепов