Қан тапсыр-өмір сыйла!

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  Наурыз мейрамын он күн тойлату тұжырымдамасын бекіткеннен бері Академия басшылығы мен жеке құрамы белсенді игі істер атқарып келеді. Соның бірі бүгінгі «Игі істер» күніне орай ұйымдастырылған қайырымдылық акциясы. Қостанай облыстық қан орталығында «Қан тапсыр-өмір сыйла» ұранымен Академия қызметкерлері донорлық акциясын өткізді. Оған отызға жуық ұжым өкілдері бой көрсетті.
Донор болу – біреудің өміріне мүмкіндік беру болып саналады. Өйткені, қан азаматтар денсаулығының өте маңызды элементі екені мәлім. Әлемде күн сайын миллиондаған адамдар донор қанына мұқтаж болады. Қанды көп қан жоғалтумен өтетін ауыр жарақаттар, операция, босану т.б ауыр дерттерде құяды. Егер адам дені сау болса, жасы 18-60 арасындағылар үшін 400-500 грамм қан тапсыру денсаулыққа ешқандай зияны мен қауіптілігі жоқ. Қан түзуді ынталандыру арқылы, организм қайта жаңарумен  иммунитетті ынталандырып, нығайтады. Бұл жүрек қан-тамыр жүйесінің, иммундық жүйе ауруларының, бауыр жұмысының бұзылыстарын алдын алуға көмектеседі. Сондықтан да қайырымдылық шарасы донорлықтың маңыздылығын насихаттау мен халықты игі  іс жасауға шақыруды көздейді. Академия ұжымы өз кезегінде игі іс пен жақсылық жасауға қашанда әзір.

ІСКБ инспекторы П. Жумабек