Қамқорлық – жылы жүректен

Жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді дарыту мақсатында 2019 жылдың  27 қазанында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы басшылығының бастамасымен оқу-саптық бөлінісінің курс бастығы полиция майоры Баймұрат Каленов, тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы полиция майоры Руслан Аужанов және арнайы бастапқы оқыту курсының тағылымдамашылары Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ерекше  білім беруіне қажеттілігі бар балаларға арналған «балабақша — мектеп-интернат» Қостанай арнайы кешені» коммуналдық  мемлекеттік мекемесіне көмек көрсетті.
Қамқорлық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың  көрінісі.
Дәл сол күні ауа-райы ашық, күн сәулесі нұрын шашып тұрды.  Академия қызметкерлері мен тағылымдамашылары қолдарына қажетті құрал-саймандарын алып, көтеріңкі көңіл-күймен  бір адамдай, аянбай еңбек етіп, ауланы жерге түскен жапырақтардан тазартып, ағаштардың түптерін түптеді.
«Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әр түрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді», — деп Абай атамыз он төртінші қара сөзінде айтқандай, қолымыздан келгенше жақсылық жасап, көмегімізді аямай, қол ұшын созайық, ағайын!

Баспасөз қызметі