Қазіргі заман мәдениетінің басты мәселелері мен даму үрдістері

22-25 қазан аралағында Академиямыздың күндізгі және сырттай оқыту факультетінің 203, 204, 206, 205, 210, 213 — оқу топтары әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары Б.Х. Құрманғалиева және Г.Б.Табулденовамен бірге Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барды. Мұражайға барудың мақсаты — қазіргі жастардың рухани ой-санасын жетілдіру мен қазақ халқының тарихына шолу жасай отырып, мәдениетіміз бен өркениетіміздің басты мәселелері мен даму үрдісін саралау. Қостанай қаласының облыстық тарихи-өлкетану мұражайы барлық мемлекеттік және қоғамдық мұражай үшін әдістемелік орталық, мәдени және ғылыми-зерттеу мекемесі болып табылады. Курсанттар үшін мұражайға саяхат «18-20 ғғ. қазақ мәдениеті» тақырыбы аясында жүргізілді. Бұл саяхат олардың рухани құндылықтарды ғылыми тануда тұрғыдан зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие алудағы маңызды рөл атқарады.Қазіргі заман мәдениетінің басты мәселелері өскелең ұрпақтың бойында тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді. Курсанттар мұражай ішіндегі құнды, бағалы заттар мен қазақ халқының бұйымдарымен танысып, олардың сақталу уақыты мен тарихы туралы өздеріне үлкен ақпарат жинады. Қазіргі уақытта мұражай ішінде 130 мыңнан астам құнды жәдігерлер сақталған. Мұражайда он экспозициялық зал бар.Курсанттар әр зал ішінде бағалы заттар мен құнды жәдігерлермен, олардың тарихымен танысты. Менің ойымша, бұл саяхат оларға тарихи ақпарат қана емес, келешекте мәдениетіміздің даму үрдістерін жетілдіруге, дамытуға үлкен үлесін қосты деп санаймын. Курсанттар сұхбат барысында өздерінің алған әсерлерін жеткізді. Себебі, танымдық саяхат Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған курсанттардың рухани байлығын кеңейтті, тарихи сананы жетілдірді. Сонау ата-бабамыздан келе жатқан құнды жәдігерлермен таныcу, оларды білу келешекте мәдениетімізді сақтауға үлкен үлесін қосады деп ойлаймын. Бұл саяхат негізінде мәдениетіміздің басты мәселелерін толық қарастырдық және олардың даму үрдісін сараладық. Курсанттар өздерінің алған әсерлері үшін оқытушылары Б.Х. Құрманғалиева мен Г.Б. Табулденоваға өз алғыстары мен жылы лебіздерін білдіруде.

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы