«Қазбат» көркем фильмін 3-курс курсанттары тамашалады!

Ағымдағы жылдың 17 желтоқсанында «Қазбат» көркем фильмін 3-курс курсанттары акт залда тамашалады.
Кино атаулының үлкен қызық әлем екендігі бәрімізге мәлім. Ол әлемде тарих пен қазіргі заман әлемі, шындық пен таңғажайыптар, махаббат пен өшпенділік бар. Фильмді кішіден үлкенге дейін жақсы көреді, өйткені фильмді тамашалау- қызықты және танымдық процесс болып табылады. Бос уақытты көңілді, көркем өткізуге мүмкіндік береді, көңіл-күйді көтереді. Кино көрерменге күлкі мен қуаныш, қайғы мен аяныш сияқты әртүрлі эмоциялар тудыруы мүмкін. Фильмнің осындай құдіретін ескере отыра, 3-курс басшылығы мен курсанттары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 28 жыл толуы қарсаңында «Қазбат» көркем фильмін тамашалады. Фильмнің желісі бойынша  1995 жылы 7 сәуір күні Пшихарв шатқалында Қазақстан Ішкі әскерінің жетінші құрама ротасы содырлардың тұтқиылдан жасаған шабуылынан от пен оқтың құрсауында қалады. Жаудың күші басым болған ұрыста 17 әскери қызметші оққа ұшып, 33-і жараланған еді. Ауған жағынан шабуыл жасаған содырлар бір сағаттың ішінде Тәжікстан аумағына өтіп кетуді жоспарлаған болатын. Бірақ оларға қарсы жасалған шабуылдың өте күшті болғандығынан, бес сағатқа созылған қарулы қақтығыстан кейін кері шегінуге мәжбүр болды. Айта кеткен жөн, бұл қақтығыс ішінде Қостанайлық жауынгерлер де болды.
Кинотерапия түрінде өткен демалыс күні әрқайсымызға жадыраңқы көңіл-күй сыйлап, алдағы ауыр апта алдында моральдық күш-қуат берді деген сенімдемін.

3-курс бастығының орынбасары
полиция майоры
А.Альназаров