Қазақ халқының ұлы ақыны — Абай Құнанбаев


Ақын, ағартушы, композитор, философ, саясаткер, қазақ әдеби тілінің қалаушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының полиция қатарындағы 1 курс курсанты Аида Бакбаева өзінің жүректен шыққан өлеңін арнайды.

Абай атамызға арнау

Абай жыры толғанысы қазақтың,
Есімі оның бар әлемге ғажап тым.
Жүрегінен шумақтары төгілген,
Мақтанышы халық ұлы дара ақын.

Көкейінен ән төгіліп, сыр шерткен,
Білім нәрін бәрінен де биік еткен.
Надандықтың соңына нүкте қойып,
Өлеңімен кең далаға гүл еккен.

Бала Абай – дараланған жасынан,
Үміт көрген әр ісінің басынан.
Әкесінен басып озып ақылы,
Білім қуып, сусындаған тасынған.

Дара Абай жанын салған еліне,
Жүрегімен нұр сыйлаған жеріне.
Әкесінен алған үлгі тәрбиесін,
Шығарғандай жұртшылықтың көгіне.

Дана Абай сауаттылық жол еткен,
Аянбастан халқына жол көрсеткен.
Өлеңдерін өрнек қылып жол салып,
Жан жарасын ақ қағаз бен шертіскен.

Паш еткен дүниеге асылдықтың,
Қазақты бар әлемге таным тұттың.
Сиясы ортаймаған ақ қағазы,
Нышаны қазір біздің қалың жұрттың.