Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні

«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді», – деп ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаев: айтқандай, мемлекеттегі әрбір тұлғаға Мемлекеттік рәмізімізді қастерлеу, қадірлеу парыз. Ел жастарының Отанын, рәміздерін сүюге, өз елінің патриот азаматы болуға тәрбиелеу мақсатында Академияда іс-шаралар жиі өткізіледі.

Осыған орай бүгін ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қабырғасында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні» аталып өтті. Іс-шара барысында Академияның жеке құрамы, курсанттары мен тыңдаушылары плацта салтанатты түрде сап түзеді.
Мереке Академия бастығының көмекшісі полиция подполковнигі Әріпжанов Бейбітжан Жүрсінтайұлының құттықтау сөзімен басталды.
Жалпы заң пәндері кафедасының аға оқытушысы полиция майоры Сұлтанов Берік Дүйсенұлы курсанттар мен тыңдаушыларға еліміздің Мемлекеттік рәміздерінің тарихы жайында баяндама жасады.
Академияның курсанттары мен тыңдаушылары Мемлекеттік Гимнін орындап, салтанатты маршпен өтіп, көк туды желбіретті.

ІСКБ инспекторы П.Ақылбекқызы