Қазақстан полициясы күні құтты болсын!

2007 жылдың 5 маусымы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен 23 маусымды – Полиция күні деп бекітті. Еске сала кетсек, 1992 жылғы 23 маусымда ҚР Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заң қабылдады. Бұл Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт болатын.
Бұл күн тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосқан ардагерлерге және осы қатарда еңбек етіп жүргендерге, қызметтік парызын өтеуде өмірін қиғандарға ризашылық пен алғыс білдіру күні. Бізде бүгін ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының басшылығы, жеке құрамы мен Ардагерлер кеңесі еліміздің барлық полиция қызметкерлерін төл мерекелерімен шын жүректен құттықтайды!
Қоғамдық тәртіпті қалыптастыру, ел тыныштығын қорғау жолындағы қажырлы еңбектеріңізге сәттілік тілейміз. Әрдайым анттарыңызға адал болып, ел қорғаны деген атаққа абыройлы қызмет ете беріңіздер! Еліміз тыныш, халқымыз аман, бауырымыз бүтін, бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Ежегодно 23 июня в Казахстане отмечается профессиональный праздник — День полиции. В 2007 году Елбасы Нурсултан Назарбаев своим указом утвердил 23 июня Днем полиции.
В 1992 году Верховный Совет Республики Казахстан принял закон «Об органах внутренних дел Республики Казахстан». Это был первый правовой акт после провозглашения независимости Республики, определивший задачи и функции казахстанской полиции.
День казахстанской полиции — это знак благодарности всем тем, кто самоотверженно создавал казахстанскую полицию и трудится в ее рядах. Это выражение признательности ее ветеранам, которые честным служением своему делу снискали уважение народа. Это дань памяти тем, кто в мирное время отдал свою жизнь ради спокойствия и безопасности казахстанцев.
Руководство, Совет ветеранов и личный состав Костанайской академии МВД имени Ш.Кабылбаева от всей души желает вам крепкого здоровья, благополучия, оптимизма, бодрости духа, мирного неба, успехов! Пусть Ваша жизнь всегда будет наполнена радостными событиями, а деятельность отмечена признанием и уважением людей!