Қазақстан Кубогына іріктеу

ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы спорт залында Қостанай облысы бойынша самбо спорт түрінен «Қазақстан Кубогына» іріктеу өтті. Ағымдағы жылдың көктем мезгілінде ұйымдастырылып, өткізілетін Қазақстан Кубогына дайындық басталып кетті. Жарысымызға қаламыздан, облыс төңірегіндегі қаладан, аудандар мен ауылдардан жиналған самбо спорт түрінен бақ сынайтын спортшыларымыз Академия аумағына келіп күресті. Сайысымыз 3 абсолюттік салмақта өтті, олар 62 кг, 74 кг, 82 кг аралығында болды. Жарысты облыс төңірегінде ұйымдастырған Қостанай қаласының самбо спорт түрінен бас жаттықтырушысы, Академиямыздың аға оқытушысы полиция подполковнигі Р.Таңқыбаев болды. Жарысымыздың әділ төрешісі, төрешінің көмекшілері Қазақстан Чемпионатының жеңіл салмақтағы 3 дүркін  жүлдегері Академияның 4-курс курсанты полиция сержанты М.Әлімбаева мен Қазақстан Чемпионатының ауыр салмақтағы 4 дүркін жүлдегері полиция қатарындағы Г.Максетова жарысты ұйымдастыруға өз үлестерін қосты. Жарыс абсолюттік салмақта облыс төңірегінде алғаш өткізіліп жатқандықтан, қатысушыларға да, көрермендерге де қызық және тартысты өтті. Жарыстың мақсаты республика деңгейінде спортшыларды іріктеу, оларды жан-жақты шынықтырып, жеңімпаз етіп шығару.

3-курс курсанты
полиция қатарындағы
Г. Максетова