ҚАЖ мекемесінің қызметкерлерін тарту…….

2019 жылдың 4 қазан күні Күндізгі оқыту факультетінің 4 курс 409 оқу тобының курсанттарына «Пробация қызметіндегі іс жүргізу практикумы» пәні бойынша  тәжірибелік сабақ тәжірибелік қызметкерлердің қатысуымен өтті. Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтына біліктілікті арттыру курстарына келген  Шымкент қаласы бойынша ИЧ 167/4 мекемесінің ауысым бастығы, әділет аға сержанты Аязбаев Бахытбек Пайзылдаевич және Ақтау қаласы ГМ 172/8 мекемесінің аға бақылаушысы, әділет аға сержанты Қабыланов Азамат Айдынғалиұлы курсанттарға аталған тақырыпта тәжірибелік түрде сабақ өткізді.
Азамат Айдынғалиұлы және Бахытбек Пайзылдаевич болашақ қызметкерлерге, алдымен олардың жұмыстары жайлы айтып, мекемелердің тәртібі жайлы және ол жерде жазасын өтеп отырған сотталғандармен жұмыс істеуге дайын болу керек екенін айтты. Мекемеге жаңа сотталғандар келгенде қалай қарсы алатынын, оларға қандай іс-шаралар қолданылатынын түсіндіріп кетті. Курсанттар тақырыпты мұқият тыңдап қызметкерлерге сұрақтарын қойып, оларға толыққанды жауап алды. Курсанттар болашақ мамандығы туралы бастысы не білу керек екенін сұрады. Бұл сұраққа Азамат Айдынғалиұлы «бастысы заң аясында жұмыс істеңдер, параға жоламаңдар,  қазір мүмкіндік барда білім алыңдар» деп жауап берді.
Тәжірибелік қызметкерлер бақылау қызметі бөлімінің негізі жұмысымен, сотталғандармен жұмыс істеу тәсілдерін, жасақ бастығының міндеттерін, жедел уәкілдердің жұмыстары және мекемеге кіріп-шығатын келушілерді тексеру әдісі жайлы түсіндірді.

ІІО-да ӘЖҰ кафедрасының
аға оқытушысы
полиция подполковнигі
Қ. Туретаев