«ҚАЖ мекемелерінде сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру» туралы дөңгелек үстел

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылыры полиция капитаны Қ.Мырзахмет және полиция капитаны Г.Табулденова Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтында «ҚАЖ мекемелерінде сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімі қызметкеркерлерімен сотталғандардың еңбегін ұйымдастырылуы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге заң ғылымдарының докторы, профессор А.Б.Скаков, ҚҚАҚ және К кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты И.В.Слепцов, Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ қоғамдық пәндер, құқық негіздері және экономика кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты Қ.А.Жұмабаев, Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы А.Қ Кенжегарина, Қостанай облысы бойынша РМК «Еңбек» ШҚН «Еңбек-Қостанай» филиалының менеджері Д.К Жолмухамедов, Ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, полиция майоры О.С.Савицкая, Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының аға әдіскері, полиция майоры Б.А. Нуркина және Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының тыңдаушылары шақырылды. Дөңгелек үстелдің модераторы психологиялық жұмыс орталығының бастығы, полиция майоры М.С.Туйганов болды. Дөңгелек үстел барысында ҚАЖ кәсіпорындарында өндіріс процесін ұйымдастырудың қазіргі жағдайлары мен проблемалары, кәсіпорындарда сотталғандардың еңбегін нормалау және еңбекақыларын төлеу, өндірісті басқаруды ұйымдастырудың проблемалары: түзеу мекемелерінің әкімшілігі мен «Еңбек» РМК басшылығының өзара қатысы туралы өзекті мәселелерді дөңгелек үстелге жиналғандар қызу талқыға салды.
Талқылау аясында «Еңбек» РМК-ға байланысты күрделі сұрақтар кеңінен қарастырылды. Сонымен қатар соталғандардың жазасын өтеп шыққаннан кейінгі жұмыспен қамтылуы туралы Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Кенжегарина Ажар Қабдешқызы жан-жақты қарастырып өтті. Заң ғылымдарының докторы А.Б.Скаков пен заң ғылымдарының кандидаты, профессор И.В.Слепцов жиынға шақырылған қонақтар мен тыңдаушылардың ҚАЖ мекемелерінде сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімі қызметкерлерімен сотталғандардың еңбегін ұйымдастыруы жөніндегі өзекті мәселелерге қатысты сұрақтарға жауап берді. Дөңгелек үстелге қатысушылар жиын соңында ұсынымдар жобасын қабылдады.

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы