ҒЫЛЫМ ЖАСТАР КӨЗІМЕН

А.ж. 21 мамырында ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында онлайн форматында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және жоғары оқы орнымыздың 50 жылдығына арналған курсанттар мен студенттердің «Ғылым жастар көзімен» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті. Конференция жұмысына Ресей ІІМ Сібір заң институтының, Қырғыз Республикасы ІІМ Академиясының, Ресей ІІМ Краснодар университетінің, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің курсанттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының және
ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының курсанттары қатысты.
Конференцияда курсанттар мен студенттер ІІО-ны дамытудың, құқық бұзушылықтың алдын алудың, қоғамдық қауіпсіздікті қорғаудың және т. б. өзекті мәселелерін талқылады.
Конференция жұмысының қорытындысы бойынша ғылыми материалдар жинағы жарияланады. Жинаққа Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы және Тәжікстан Республикасы Жоғары оқу орындарының курсанттары мен студенттерінің 80-нен астам ғылыми мақалалары кіреді.
Конференция қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Курсанттар мен студенттердің ең өзекті және мазмұнды ғылыми жұмыстары секция модераторларымен анықталып, дипломдар және грамоталармен марапатталды.
Осындай халықаралық ғылыми конференцияларды өткізу қазіргі заманғы отандық ғылымның қарыштап дамуына елеулі үлес қосады және біздің білім беру ұйымдарымыздың арасында жемісті байланыстар орнатуға ықпал етеді.

 

НАУКА ГЛАЗАМИ МОЛОДЕЖИ

21 мая 2021 т.г. в Костанайской академии МВД имени Шракбека Кабылбаева в формате онлайн состоялась международная научно-теоретическая конференция курсантов и студентов «Наука глазами молодежи», посвященная 30-летию Независимости Республики Казахстан и 50-летию ВУЗа. В работе конференции в режиме онлайн связи приняли участие  курсанты Сибирского юридического института МВД России, Академии МВД Кыргызской Республики, Краснодарского университета МВД России, Карагандинского университета имени Е.А. Букетова, а также курсанты Актюбинского юридического института МВД Республики Казахстан имени М.Букенбаева и Карагандинской академии МВД имени Б.Бейсенова.
На конференции курсанты и студенты обсуждали актуальные вопросы развития ОВД, профилактика правонарушений, охрана общественной безопасности и т.д.
По итогам работы конференции будет опубликован сборник научных материалов. В сборник войдут более 80  научных статей курсантов и студентов высших учебных заведений Республики Казахстан, Российской Федерации, Кыргызской Республики и Республики Таджикистан.
По окончанию конференции все участники были награждены сертификатами. Наиболее актуальные и содержательные научные работы курсантов и студентов были определены модераторами секций и награждены дипломами и грамотами.
Проведение подобных международных научных конференций вносит весомый вклад в поступательное развитие современной отечественной науки и  способствует установлению плодотворных контактов между нашими образовательными учреждениями.

ООНИиРИР