ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының басшылығы мен жеке құрамы 2021 жылғы 8 шілдеде онлайн форматта өткен «Жаңа жағдайдағы пенитенциарлық жүйе» атты Халықаралық форумды өткізуге қатысты.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың төрағалығымен өткен форум жұмысына 150-ге жуық ҚР Парламентінің депутаттары, Адам құқықтары саласындағы ұлттық сарапшылар, адвокаттар мен үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Канада, АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Үндістан, Өзбекстан, Нидерланды және Беларусь елдерінің дипломатиялық миссиялары мен халықаралық ұйымдарының басшылары қатысты.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев форумда сөз сөйлеп, қазіргі уақытта пенитенциарлық жүйе проблемаларын анықтау және оларды шешу жолдарын іздестіру мақсатында жыл сайын осындай жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті.
ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесінің барлық реформаларының негізгі басымдықтары бірінші кезекте адам құқықтарының сақталуын, сотталғандарды ұстау жағдайларын жақсартуды, олардың жұмыспен қамтылуын дамытуды, пенитенциарлық инфрақұрылымды халықаралық стандарттарға сәйкес жаңғыртуды айқындады.
Форум жұмысы «Қылмыстық – атқару жүйесі: шындық және перспективалар», «Пенитенциарлық жүйеде адам құқықтары саласындағы халықаралық және Ұлттық ұсынымдар» сондай-ақ «Ашық диалог – транспаренттілік пен тиімділік кепілі» атты үш секция бойынша жүзеге асырылды.
ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция полковнигі Н. Биекенов форумның екінші сессиясын жалғастырып, «Пенитенциарлық жүйеде адам құқықтары саласындағы халықаралық және Ұлттық ұсынымдар» тақырыбында талқылау жүргізді.
Өз кезегінде халықаралық сарапшылар қылмыстық-атқару жүйесін реформалауды жоғары бағалап қолдады және тәжірибе мен оқу бағдарламаларымен алмасу, сондай-ақ сараптамалық көмек көрсету бойынша ұсыныстар жасады.