Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды…….

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тапсырмасы бойынша елімізде ішкі істер органдарын жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы бағытта 2018-2021 жылдарға арналған тиісті Жол картасы бекітілген болатын.
Осыған орай Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында бірталай іс-шаралар өткізіліп жатыр. Аталған Жол картасымен жаңғыртудың 9 бағытының 3 бағытын орындау үшін 2012 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы әзірленді. Осы мақсатта жоғары оқу орындарымыздың арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайту шеңберінде, сондай-ақ кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру, білім және ғылым саласында ынтымақтастықтың өзара тиімді мүдделерін ескере отырып, 2019 жылдың 5, 6 маусым күндері Академия бастығы полиция полковнигі Нұрлан Биекенов Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры Алма Дощановамен, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Еркін Әбілмен, Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалының ректоры Раиса Тюлегеновамен, М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік – экономикалық университетінің ректоры Сабит Исмуратовпен және Рудный қаласының Рудный индустриалдық институтының ректоры Абдрахман Найзабековпен Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Ынтымақтастық туралы Меморандум барысында өзара тараптар инновациялық оқыту әдістерімен алмасады, бірлескен сабақтар өткізеді, профессорлық – оқытушылар құрамын шақыра отырып, ғылыми семинарлар мен конференциялар ұйымдастырады, магистранттар мен профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми біліктілігін одан әрі арттыруда өзара көмек көрсетеді. Сонымен қатар мәдениет пен спорттық қатынастарды дамытады.
Полиция полковнигі Нұрлан Биекенов Ынтымақтастық туралы Меморандум аясында «Полиция кафедрасы» атты жаңа жобаға тоқталды.
«Полиция кафедрасы» жобасына азаматтық жоғары оқу орындарының 2-4 курс студенттері факультативтік қолданбалы оқытуға шақырылады. Бұл дегеніміз, олар ЖОО оқыған дәрістерін зерделесе, ал бізде олар саралап арнайы курс өтеді. Сонымен қатар жауынгерлік даярлық негіздерін оқып, 2-3 жыл арасында өздеріне мамандық таңдайды. Бұл тек қана заң факультетінің студенттеріне ғана қатысты. Ал қалған мамандар бойынша қосымша заң дайындығының бағдарламасы даярланған.
Полиция кафедрасының студенттері құрылып жатқан еріктілер клубы мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін ерікті топ жұмысына тартылады. Бұл бүгінгі болашақ жастарымыздың құқық қорғау қызметі туралы түсінігін қалыптастыруға, құқықбұзушылықтың алдын алу міндеттерін шешуге және кадр аппаратына жинақтау процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді деп ойлаймыз. Осы жобаның басты мақсаты ЖОО студенттерін ішкі істер органдарына (тегін) түсу үшін даярлау. Сонымен қатар Полиция кафедрасының курсын аяқтағаннан кейін, студенттерге сертификаттар тапсырылады. Осы атқарылып жатқан іс-шаралар болашақ құқық қорғау мамандарын патриоттық рухта тәрбиелеуге, Отанын, елін сүйетін, адамгершілігі мол, сыпайы, кәсіби білікті маман, құқықбұзушылыққа жол бермейтін, қоғамдық тәртіпті сақтайтын, полиция қызметкерін қалыптастыруға негіз болады деп сенім артамыз.

Баспасөз қызметінің баспасөз хатшысы
О. Уақпаева