Шырақбек Қабылбаев атындағы сыйлыққа ең үздік ғылыми жұмыс республикалық конкурсы

2020 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Шырақбек Қабылбаев атындағы сыйлыққа ең үздік ғылыми жұмыс республикалық конкурсы өткізілді.
Конкурсқа студенттердің (курсанттардың), магистранттардың, докторанттардың, ЖОО оқытушыларының және ішкі істер органдарының тәжірибелік қызметкерлері мен ішкі істер органдарының даму мәселелеріне қызығушылық танытатындардың ғылыми  жұмыстары жіберілді. Байқауға барлығы 7 жұмыс келіп түсті.
2020 жылғы 23 қазанда Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында өткізілген «Қазіргі кезеңдегі ішкі істер органдарының ұйымдастырылуы және қызметі: мәселелері және шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының пленарлық отырысында конкурстың қорытындысы шығарылды. Конкурстың қорытындысы бойынша үздік ғылыми жұмыстарға әкімшілік қызмет мәселелері бойынша – ІІО әкімшілік қызмет кафедрасының аға оқытушысы, полиция майоры А.Н. Медведеваға, қылмыстық-атқару қызметі мәселелері бойынша – «Тұран» Университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша 2-курс докторанты Г.Ж. Османоваға, Төтенше жағдайлар мәселелері бойынша ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институтының 4-курс курсанты Т.М. Анапияға дипломдар табыс етілді, қалған қатысушыларға сертификаттар берілді.

 

 

Республиканский конкурс на лучшую научную работу на
Премию имени Шракбека Кабылбаева

С января по август 2020 года в Костанайской академии МВД РК им. Ш. Кабылбаева проводился республиканский конкурс на лучшую научную работу на Премию имени Шракбека Кабылбаева. Для участия в конкурсе допускались научные работы студентов (курсантов), магистрантов, докторантов, преподавателей вузов, практических работников органов внутренних дел и всех интересующихся проблемами развития органов внутренних дел. Всего на конкурс поступило 7 работ.

23 октября 2020 года на Международной научно-практической конференции «Организация органов внутренних дел: проблемы и пути решения» были объявлены итоги конкурса. По итогам конкурса вручены дипломы лучшим научным работам по проблемам административной деятельности – старшему преподавателю кафедры административной деятельности ОВД, майору полиции Медведевой А.Н.По проблемам уголовно-исполнительной деятельности – докторанту 2 курса по специальности «Правоведение» Университета «Туран» Османовой Г.Ж. По проблемам Чрезвычайных ситуаций – курсанту 4 курса Кокшетауского технического института Комитета по Чрезвычайным ситуациям МВД РК Анапия Т.М.  Остальным участникам вручены сертификаты участника.

Ғылыми зерттеу және редакциялық баспа
жұмысын ұйымдастыру бөлімі