Шынықсаң — шымыр боларсың

Көктемнің жаңарған күндерін тойлатудың тұжырымдамасы қабылданғалы бері Академия ұжымының белсенділігі артып келеді. Соған дәлел «Шымырлық пен шеберлік күні». Әр түрлі бағыттағы спорттық ойындарға арналған бұл күн де біздің қызметкерлерді бей-жәй қалдырмады. Жер -жерлерде ұлттық ойындарды жаңғыртып, көпшіліктің спортқа деген қызығушылығын оятып, оларды шымырлық пен шыдамдылыққа баулитын айтулы күні ұжым өкілдері бірлесе шаңғы спортынан турнир өткізді. Екі топтан құралған жарыста ерлер мен әйелдер командасының өз жүйріктері алдыға суырылып шықты.

Әйелдер арасында:

1-орын полиция аға лейтенанты Хайбрахманова Ю.В.

2-орын полиция майоры Ғазиз Ж.Х.

3-орын полиция майоры Савицкая О.С.

Ерлер арасында:

1-орын полиция полковнигі Юдаков К.И.

2-орын полиция лейтенанты Оразов А.Х.

3-орын полиция майоры Тойганов М.С.

Айтулы шараның ерлер арасындағы бәсекеде үздік деп танылған, Жедел-іздестіру кафедрасының бастығы, полиция полковнигі Юдаков Константин Иванович болды.  Академияның осындай шаңғы турниріне бірінші қатысып тұрғанын және де шаңғы спортын жастайынан жақсы көретінін тілге тиек етті. Спортқа деген сүйіспеншілігінің арқасында жастармен бір бәйгеде бас қосып, үздік орынды жеңіп алды.
Қызықты да тартысқа толы бұл күн Академия қызметкерлері үшін естен кетпес күнге айналды.

ІСКБ