Штаб жұмысының ерекшеліктері

2019 жылдың 22 қазанында «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша оқитын  күндізгі және оқыту факультетінің 4 — курсы 413 — оқу тобының «Пенитенциарлық жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс» пәні бойынша  тәжірибелік сабақтарына практикалық қызметкер қатыстырылды. Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің штаб бастығы әділет майоры Аяулым Қасымбековна Әділбекова сабақ барысында курсанттармен өзінің практикалық шеберлігімен бөлісті. Аяулым Қасымбековна қылмыстық-атқару жүйесінде 2005 жылдан бастап қызмет ететіні, түрлі лауазымдарда жұмыс атқарғаны туралы айтып кетті. Ең алғашқы лауазымын бақылаушылар кызмет бөлімінен бастағанын, тергеу изоляторында қызмет атқарғандығын айтты. Қазіргі таңда Аяулым Қасымбековнаның жұмыс өтілі 14 жылдан асқан, қызметтің қыр-сырын жетік меңгерген маман. Курсанттар қызмет барысында кездесетін қиындықтар туралы сұрақтар қойып, оларға нақты жауап алды. Өз тарапынан практикалық қызметкер курсанттарға ақыл, кеңестерін айтып, сәттілік тіледі. Тәжірибелік сабақтар өте қызықты өтті, өйткені практикалық қызметкер жұмыс барасында болған оқиғалар мен жағдайларды мысалға келтіріп курсанттардың назарын өзіне аударды. Жастарымызға бағыт – бағдар беріп, ақылы мен тәжірибесімен бөлісіп отыратын осындай қызметкерлер көп болса екен деп тілейміз.

Ішкі істер органдарында әлеуметтік
жұмысты ұйымдастыру кафедрасының
оқытушысы полиция майоры
А. Танкибаева