Шебермен кездесу


Қостанай күрес одағының «Шебермен кездесу» жобасы аясында JasULAN спорт клубының спортшылары Қостанай қоян-қолтық ұрыс федерациясының ең танымал тәрбиеленушілерінің бірі, ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының жауынгерлік және дене шынықтыру кафедрасының оқытушысы полиция капитаны Бағдат Жандауовпен кездесті.

Кикбоксинг және қоян-қолтық ұрыс бойынша түрлі жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы Бағдат Еркінұлы спорт клубының тәрбиеленушілеріне шеберлік сағатын өткізіп, өзінің құпияларымен бөлісті. Жаттығу жоғары деңгейде өтті. Болашақ чемпиондар шеберден көптеген айла-тәсілдерді үйренді.

ІСКБ