Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде тәжірибе алмасу

Білім беру ұйымдары арасындағы білім беру және ғылыми қызмет саласындағы ынтымақтастық туралы хаттаманы іске асыру шеңберінде 2021 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ішкі істер органдарында әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасының оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі С.С. Бримжанова Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігі Барнаул заң институтының тыңдаушыларына «Технические средства защиты информации» тақырыбында дәріс сабағын өткізді. Қосылу РФ ІІМ БЗИ BigBlueButton платформасында жүзеге асырылды.
Дәріс сабағында ақпаратты қорғау, ақпарат үшін негізгі қауіптер, құпия ақпарат пен коммерциялық құпияның жария болуы, жұмыс процестерін жүзеге асыру үшін қажетті деректерді ауыстыру немесе жою, ақпараттық жүйелердің істен шығуына байланысты жұмысты тоқтату, зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды бұзу, техникалық құралдар мен іс-шаралар сияқты ұғымдар қарастырылды.
Дәріскер С.С. Бримжановаға дәріс сабағының соңғы бөлімінде РФ ІІМ БЗИ тыңдаушылары мен қызметкерлері Қазақстан Республикасындағы хакерлік шабуылдардың статистикасына және олармен күресу тәсілдеріне байланысты өзекті сұрақтар қойды. Өз кезегінде ресейлік әріптестер Ресей ІІМ-де ақпаратты қорғау саласындағы тәжірибелерімен бөлісті.
Ресей ІІМ БЗИ өкілі В.А. Кемпф Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының оқытушысы мен басшылығына жемісті ынтымақтастық үшін алғыс білдірді.

Ішкі істер органдарында
әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру
кафедрасының оқытушысы
С.С. Бримжанова

Обмен опытом в рамках международного сотрудничества

В рамках реализации Протокола о сотрудничестве в области образовательной и научной деятельности между образовательными организациями 15 апреля 2021 года преподавателем кафедры Организации социальной работы в ОВД Костанайской академии МВД РК имени Ш.Кабылбаева, магистром естественных наук Бримжановой С.С. была проведена лекция на тему «Технические средства защиты информации» для слушателей Барнаульского юридического института Министерства внутренних дел Российской Федерации. Соединение осуществлялось на платформе BigBlueButton БЮИ МВД РФ.
На лекционном занятии были рассмотрены такие понятия, как защита информации, ключевые угрозы для информации, утечка конфиденциальной информации и коммерческой тайны, подмена или уничтожение данных необходимых для реализации процессов работы, остановка работы из-за отказа информационных систем, нарушение прав на объекты интеллектуальной собственности, технические средства и мероприятия.
Лектору Бримжановой С.С. в завершающей части лекционного занятия слушателями и сотрудниками БЮИ МВД РФ были заданы актуальные вопросы, связанные со статистикой хакерских атак в Республике Казахстан и способами борьбы с ними. В свою очередь российские коллеги поделились опытом в сфере защиты информации в МВД России.
Представитель БЮИ МВД России Кемпф В.А. выразил благодарность и признание преподавателю и руководству Костанайской академии МВД РК имени Ш.Кабылбаева за плодотворное сотрудничество.

Преподаватель кафедры организации
социальной работы в органах внутренних дел
Бримжанова С.С.