Халықаралық ынтымақтастық шеңберіндегі онлайн-дәріс

Ағымдағы жылдың 18 наурызында сағат 11.20-дан 12.10-ға дейінгі уақыт аралығында ІІО әкімшілік қызмет кафедрасының бастығы, полиция подполковнигі А.С. Смышляев Ресей ІІМ Барнаул заң институтының 3-курс курсанттары үшін «Қазақстан Республикасында қоғамдық тәртіпті сақтауға азаматтардың қатысуын құқықтық реттеу» тақырыбында бейнеконференцбайланыс режимінде дәріс өткізді.
Сабақ барысында оқытушы білім алушыларға азаматтардың қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысуының құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін, сондай-ақ азаматтарды құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге тарту бойынша ішкі істер органдарының қызметін жетілдірудің проблемалық мәселелері мен болашағын түсіндірді.
Сонымен қатар, жұмыстың сервистік моделін ескере отырып, полиция қызметін ұйымдастыру және «полиция қадамдық қолжетімділікте» қағидатын қамтамасыз ету ерекшеліктері талқыланды.

Ішкі істер органдарының
әкімшілік қызмет кафедрасы